ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында киік санағының қорытындысы шықты.
БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжановтың мәлім еткеніндей, көктемде жүргізілген әуе санағы бойынша киік саны 2,7 млн бас болды.
Оның сөзіне қарағанда, санақ ақбөкен төлдегенге дейін жүргізілген.
Өткен жылы Батыс Қазақстанда 2,3 млн бас киік санаққа іліккен болатын.
- Өңірде 2023 және 2025 жылы киік санын реттеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы облыста 108 458 бас киік ауланды. Сонымен қатар биыл жыл басынан бері 18 351 бас киік өлексесі жойылды. Бұл жұмыс жалғасуда, - деді Н.Рахымжанов.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 3 300-ге жуық киік өлексесі жойылғанын жазған едік.
Сондай-ақ БҚО-да аурудан малы шығынға ұшыраған шаруалар өтемақы ала ма, бұл да хабарланды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).