БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз маманы Кенжегүл Мұхитованың Kazinform тілшісіне мәлім еткеніндей, өткен жылы төрт айда тек 4 адам ғана сырқаттанған еді.
Оның сөзіне қарағанда, биыл қызылша дертіне іліккендердің 69-ы – 1 жасқа дейінгі сәбилер, 115-і – 1-4 жас аралығындағы балдырғандар. Сондай-ақ 24-і – 5-9 жас, бесеуі – 10-14 жас, 9-ы – 15-19 жас, 9-ы – 20-29 жас аралығындағылар, 25-і – 30-дан асқандар.
- Қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы вакцинация екендігін еске саламыз. Аурудың алдын алу үшін ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес вакцина алу аса маңызды. Сонымен қатар жеке бас гигиенасын сақтап, адамдар көп жиналатын орындарда сақтық шараларын ұстанған жөн. Ауру белгілері байқалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет, - деді К.Мұхитова.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда қызылшамен ауырғандар саны 100-ден асқанын жазған едік.
Сондай-ақ Батыс Қазақстанда 140-тан астам адам жіті ішек жұқпаларымен ауырды.