Батыс Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты 11 жол бөлігінде қозғалыс шектелді
ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты 11 жол бөлігі жабылды.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 17 қаңтар күні жергілікті сағат 11.40-тағы ақпарат бойынша 10 республикалық, 1 облыстық жол бөлігінде көлік қозғалысы шектелген.
«Атап айтқанда, Орал-Тасқала-РФ шекарасы (4-104 км, Оралдан Ресей шекарасына дейін), Чапаев-Жалпақтал-Казталов (0-213 км, Чапаевтан Казталовқа дейін), Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы (0-158 км, Казталовтан Жәнібекке дейін), Өнеге-Бисен-Сайқын (0-103 км, Өнегеден Сайқынға дейін) жолдары жабық. Сондай-ақ Самара-Шымкент (195-251 км, Орал қаласы МАИ бекетінен Ресей шекарасына дейін), Самара-Шымкент (261-393 км, Теректі ауданы Подстепный ауылынан Жымпитыға дейін), Атырау-Орал (492-189 км, Атырау облысынан Оралға дейін), Орал-Теплое (5-33 км, Оралдан Ресей шекарасына дейін), Подстепный-Теректі-Ресей шекарасы (0-36 км, Подстепный-Теректі), Жайық өзенінен өтетін көпір (0-14 км) жолында қозғалыс шектелді. Оған қоса облыстық маңызы бар Теректі-Ақсай (0-82 км) жолы да жабық. Жабылу себебі – қатты жел, боран, жолдың көрінбеуі», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда боранға байланысты бірнеше жолдың жабық тұрғанын жазған болатынбыз.