Батыс Қазақстанда мотоциклге мінген 19 жастағы жігіт мерт болды

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында 19 жастағы жігіт жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады. 

Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 2 қыркүйек күні Бөрлі ауылында болды.

«Шамамен сағат 00.50-де 19 жастағы жүргізуші «Урал» мотоциклінің руліне ие бола алмай, бағанға соқтығысқан. Жол апаты салдарынан мотоциклде отырған 2005 жылғы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 39 рет жол ережесін бұзған жүргізушіге 1 млн теңге айыппұл салынғанын жазған болатынбыз.