ОРАЛ. KAZINFORM - Батыс Қазақстанда облыстық маңызы бар жол жабылды.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, күшті боранға байланысты Теректі-Ақсай жолында (0-82 км, Теректі ауылынан Ақсай қаласына дейін) барлық көлік түрлері үшін шектеу енгізілді.
«Батыс Қазақстан облысында бүгін үш жол жабылса, соның екеуі - республикалық, біреуі - облыстық жол. Осыған орай БҚО ТЖ департаменті аталған бағытта алыс жолға шықпау керектігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын 3 облыстағы жолдың 4 бөлігінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).