Батыс Қазақстанда соғыс кезінен қалған снаряд табылды
ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы аумағында снаряд табылды.
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға 9 мамыр күні Ақсуат ауылында болды.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, алдын ала мәлімет бойынша Азамат соғысы кезінен қалған снаряд табылған орынға саперлар жіберілді.
Фото: Тұрғындардан
- Қауіпті зат тексеріліп, барлық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, далалық жерде жойылды. Елді мекен тұрғындары үшін қауіп төнген жоқ, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда Азамат соғысынан қалған артиллериялық снаряд табылғанын жазған едік.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).