«Қазіргі таңда облыста қауіптің беті сейілді. Жайық өзенінің су деңгейі төмендеп келеді. Қауіпті деңгейден жарты метрге дейін төмендеді. Бүгінде 7 метр 99 см болып тұр. Осыған байланысты қазіргі уақытта облысқа жұмылдырылған қосымша күш-құралдар өз аймақтарына және Атырау облысына бағыт алды», — деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Оның дерегінше, облыста 2 елді мекен жол қатынасынсыз қалып тұр.
11 жолды су шаю дерегі тіркелген. Ол бақылауда.
«Эвакуацияланған адам саны өзгеріссіз — 14 078 адам, оның 5 813-і — балалар. Жалпы, эвакуация пунктерінде 2 345 адам бар, 1 017-сі — бала. 3 752 адам үйіне қайтарылды, 7 981 адам туыстарының үйін паналаған. 5 сәуірден бастап гуманитарлық көмек қабылдайтын штабқа 1 млн 495 мың тоннаны құрайтын көмек келіп жетті», — деді Нұржан Төлеуіш.