ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында өзендердің көпшілігінде су деңгейі түсті.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 27 наурыз күнгі таңдағы мәліметіне қарағанда, Жайық өзенінде Бөрлі ауданы Жарсуат ауылы тұсында бір тәулікте 39 см көтеріліп, 613 сантиметрге (қауіпті шегі – 1 мың см) жетті.
Сондай-ақ Бәйтерек ауданы Январцев ауылында 449 см ( 22 см, қауіптісі – 1 мың см), Орал қаласында 336 сантиметрді ( 19 см, 850 см) көрсетті.
Жайықтың саласы Елек өзені Шыңғырлау ауылында 625 см ( 9 см, 750 см), Шаған Бәйтерек ауданы Мичурин тұсында 430 см ( 27 см, 1 100 см) болды.
Орынбор облысында Иреклі қоймасынан Жайық өзеніне секундына 30 текше метр су жіберіліп жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да Жайық өзеніндегі су деңгейі Жарсуат ауылы тұсында 460 сантиметрден асқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).