ОРАЛ. KAZINFORM - Батыс Қазақстан облысында қырғызстандық азамат айдап келе жатқан жүк көлігі өртенді.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 18 сәуір күні Сырым ауданы аумағында болды.
Самара-Шымкент күре жолының 352-шақырымында жүк көлігінің тіркемесі мен кабинасы отқа оранған.
— Шаруашылық тауарлары мен тұрмыстық техника тиелген жүк көлігі Алматыдан Уфа қаласына бара жатқан. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы, келтірілген шығын анықталып жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында емханада өрт шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).