ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы аумағына ұшқышсыз ұшатын аппарат құлағаны туралы ақпарат тарады.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ұшқышсыз ұшатын аппараттың бөлшектеріне ұқсас заттың табылуына байланысты уәкілетті қызметтермен бірлесіп тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
— Нысан елді мекеннен алыс аумақтан табылған. Қазіргі кезде оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде, — деп хабарлады ведомстводан.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға 27 наурыз күні кешкісін Көктерек ауылдық округі аумағында болды. Ұшқышсыз ұшатын аппарат бөлшектері Саралжын (Киров) елді мекенінен 10 шақырымдай қашықтықта түскен.
Бұдан бұрын осындай оқиғалар Бөкей ордасы ауданы Ұялы, Тасқала ауданы Атамекен және Жәнібек ауданы Ұзынкөл, Қамысты ауылдары маңында болған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тағы да ұшқышсыз ұшатын аппараттың бөлшектері табылғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).