«Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары қызметіне Мирас Тұрдалин тағайындалды

Фото: «Батыс» өңірлік қолбасшылығы

ОРАЛ. KAZINFORM — ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен полковник Мирас Құдайбергенұлы Тұрдалин Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары болып тағайындалды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәліметінше, жаңа орынбасарды жеке құраммен ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Бауыржан Әбжанов таныстырды. 

Бауыржан Садықұлы жаңадан тағайындалған қолбасшы орынбасарының әскери қызметінде табысқа жетуіне, жауынгерлік және командалық дайындықты жетілдіре түсуіне тілектестігін білдірді. 

Мирас Тұрдалин аталмыш лауазымға тағайындалғанға дейін Ұлттық ұланның Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінің командирі қызметін атқарды.

Айта кетейік, бұған дейін «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары болған полковник Павел Александрович Ситников «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына дәл осындай қызметке ауысты.