Батыс пен солтүстікте жаңбыр аралас бұршақ жауып, дауыл соғады

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 2025 жылғы 25 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

— Солтүстік-батыс циклон мен атмосфералық фронттар әсерінен еліміздің көп бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады. Батыс пен солтүстікте — қатты жаңбыр, кей жерде дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде — антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел күшейеді, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстікте — шаңды дауылдар болуы ықтимал. Солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман күтіледі, — делінген хабарламада.

Бірқатар облыста аптап ыстық күтіледі:

  • Жетісу облысы — күндіз 35–38°C, оңтүстігінде 40°C.

  • Алматы облысы — 35–37°C, батысы мен солтүстігінде 42°C дейін.

  • Жамбыл облысы — 38–40°C.

  • Түркістан және Қызылорда облыстары — 40–42°C.

  • Ұлытау және Қарағанды облыстарының орталығы — 35–36°C.

  • Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде — 35°C.

Синоптиктер төмендегі өңірлерде жоғары өрт қаупі туралы ескертті:

  • Шығыс Қазақстан, Абай, Қостанай (батысы, шығысы, солтүстігі),

  • Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан (орталығы),
  • Ақмола (оңтүстігі мен шығысы),
  • Павлодар (батысы, оңтүстігі, шығысы).

Сонымен қатар төтенше өрт қаупі бар аймақтар анықталды:

  • Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл,

  • Жетісу, Ұлытау (орталығы мен оңтүстігі),

  • Атырау (шығысы, батысы, оңтүстігі),

  • Қарағанды (шығысы мен орталығы),

  • Ақтөбе (оңтүстігі),

  • Батыс Қазақстан (шығысы),

  • Қостанай (оңтүстігі мен солтүстік-батысы),

  • Абай облысының орталығы.

Осыдан бұрын синоптиктер 24-26 шілде аралығындағы ауа райы болжамын жариялады.