Батыста аяз болса, оңтүстікте +24°C: 7 қарашада күн райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Оңтүстікте ауа температурасы +24°C-қа дейін көтерілсе, солтүстік пен батыста жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Астанада да жаңбыр жауады.

Фото: Pexels

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Кей өңірлерде жел күшейіп, тұман түседі. Ал солтүстік пен батыста жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Астана: көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 3… 5°C, күндіз 7… 9°C.

Алматы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 3… 5°C, күндіз 16… 18°C.

Шымкент: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде 10… 12°C, күндіз 21… 23°C.

  • Батыста: түнде −3… 5 °C-тан −8… 3 °C-қа дейін, күндіз 5… 15 °C-тан 2… 10 °C-қа дейін төмендейді.

  • Солтүстік-батыста: түнде ауа температурасы −1…−8 °C-тан −6… 3 °C-қа дейін сәл жоғарылайды, күндіз 2… 10 °C-тан −3… 5 °C-қа дейін төмендейді.

  • Шығыста: түнде −9… 2 °C-тан −5… 8 °C-қа дейін, күндіз 2… 12 °C-тан 9… 17 °C-қа дейін жоғарылайды.

  • Оңтүстікте: түнде −2… 6 °C-тан 7… 17 °C-қа дейін жоғарылайды, күндіз 10… 23 °C пен 18… 27 °C аралығында құбылады.

  • Оңтүстік-шығыста: түнде ауа температурасы 0… 10 °C-тан 7… 15 °C-қа дейін жоғарылайды, таулы аудандарда −3…−8 °C-тан 0… 5 °C-қа дейін көтеріледі. Күндіз 15… 25 °C-тан 17… 25 °C-қа дейін, таулы аудандарда 10… 15 °C шамасында болады.

Айта кетейік, алдағы күндері Қазақстан аумағында бірнеше циклонның өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болатыны болжанды. Кезеңнің басында солтүстік өңірлер арқылы солтүстік циклонның жырасы өтсе, 8 қарашадан бастап еліміздің аумағы арқылы оңтүстік циклон жылжиды.