Баткенде үш кенші иісті газға уланып, қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Баткен облысы Самаркандек ауылында орналасқан шахтада үш кеншінің денесі табылды.

Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім еткендей, қаза тапқандар иісті газға  уланған, деп хабарлайды Кабар.

Оқиға орнына келген 9 құтқарушы  сағат түнгі 02:30-да 90 метр тереңдіктен мерт болғандардың  денесін жердің бетіне шығарды.

Қаза тапқан 1970 жылғы С. Ормонов, 1972 жылғы И. Ибрагимов және 1987 жылғы Акмат уулу У. заңсыз көмір өндірумен айналысқан.