Батпаққа құлаған ұшқышты қолтырауын жеп қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Флорида штатында апатқа ұшыраған жеңіл моторлы Cessna 152 ұшағының ұшқышын қолтырауын жеп қойды.

Бұл туралы жұма, 7 шілдеде Daily Mail жазды.

АҚШ Федеральды авиациялық басқармасының ақпаратына қарағанда, құлаған ұшақ кеше батпақты Эверглейдс аумағында табылған. Машинаның сынықтары және қолтырауын жеген ұшқыштың денесін сол маңнан тікұшақпен  ұшып өткен  жергілікті WPLG телеарнасының қызметкерлері байқаған.

Cessna 152  жергілікті Air Christian Inc компаниясында тіркелген,- деп хабарлады Daily Mail Майами-Дейд округі полициясына сілтеме жасап.

Компанияның иесі Роберт Диннің (Robert Dean) айтуынша, қаза тапқан ұшқышқа  рұқсат берілмеген. Дегемен ол сенбі күні өздігінен сапарға шыққан. Басылымның атап өтуінше, ажал құшқан жанның кім екендігі белгісіз.

Бірақ WPLG, ол Марк Укаере (Mark Ukaere) жазғы мектебінің студенті деген болжам жасап отыр.