Батумиде алапат дауылдан 16 адам құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батуми маңында Қара теңізде алапат дауыл тұрып, құтқару қызметі 16 адамды ажалдан аман алып қалды, деп жазды өзінің Facebook-тағы парақшасына Грузия ІІМ баспасөз қызметі Тея Пертая.

«Бүгін теңізде 16 адамды құтқарды, олардың ішінде шетелдік туристер де бар», - деп атап өтті Пертая.

Грузияда Қара теңіздегі белгілі курорттардың бірінде нөсер жауын жауып, дауыл тұрды. Жаңбыр салдарынан қала да зардап шекті. Ойпаң жерлерді су басты. Құрбандар жоқ, деп хабарлады rosbalt.ru.