TV 25 жариялаған видеодан қонақүйдің төбесінен қою түтін шығып жатқаны көрінеді.
Әзірге зардап шеккендер, қонақүй тұрғындарының эвакуацияланғаны жайлы ақпарат жоқ.
Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.
Sheraton Batumi Батумидің қақ ортасына, Қара теңізден 200 метр қашықтықта орын тепкен.