«Құтқарушылар мен полицейлер қонақ үй ғимаратынан жүз адамды эвакуациялады. Олардың арасында қонақтар мен қонақ үй қызметкерлері бар», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Зардап шегушілердің арасында үшеуі - өрт сөндірушілер. Ауруханаға 21 адам жеткізілген.
«Олардың бірі Израиль азаматы, бесеуі - Түркия азаматы болса, қалғандары Грузия азаматтары», - деп мәлімдеді Аджар автономиялық республикасының денсаулық сақтау министрі Заала Микеладзе.
Қазіргі таңда барлық науқастардың жағдайы тұрақты, деп атап өтті ол.