АСТАНА. KAZINFORM — Батуттағы гимнастикадан Париж Олимпиадасына ұпай жинауға мүмкіндік беретін кезекті Әлем Кубогында ел намысын қорғайтын спортшыларымыз анықталды.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Әлем Кубогы кезеңі 22-24 наурыз аралығында Котбус (Германия) қаласында өтпек.
Бәсекеге Қазақстан атынан Данил Мұсабаев, Пирмаммад Алиев, Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов, Никита Тумаков қатысады.
Айта кетейік, 2024 жылы Әлем Кубогының алғашқы кезеңі ақпан айында Әзербайжан елінде өтіп, Қазақстан құрамасы (Данил Мұсабаев пен Пирмаммад Алиев) күміс медаль иеленген болатын.
Әлем Кубогының шешуші кезеңдері маусым айында Швейцарияда және шілдеде Португалияда өтеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.