Оқиға Лос-Анджелес қаласынан солтүстік-шығысқа қарай бірнеше миль қашықтықта орын алған. Үлкен аю тұрғын үйдің артқы есігі арқылы кіріп, шамасы рахаттанып бассейнге түспек болған. Жолай ағаш жемісін жеп, айналып қалған аюды үй иесінің иті байқап қалады.
Бейне жазбадан алғашында иттің жыртқыштан қашқақтап жүргені, алайда аюдың иесінің үйіне жақындаған кезде, оған тарпа бас салған сәті көрінеді.