Батыл тырна екі жолбарыстың құрсауынан құтылып кетті
05:00, 22 Мамыр 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Фуян қаласындғы хайуанаттар бағына келушілер ерекше оқиғаның куәсі болды. Екі жолбарыс тұратын қоршауға кездейсоқ кіріп кеткен тырна аман қалды, деп хабарлайды Би-би-си.
Хайуанаттар бағы әкімшілігінің мәлімдеуінше, тырна вольерге қоршаудағы тесік арқылы кіріп кеткен. Абырой болғанда, сондағы жұмысшылар құсты құтқарып қалды. Тырна аздап қана жарақаттанған және жылдам жазылып та келеді.