Батыр аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау проактивті форматқа көшіріледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Батыр аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау проактивті форматқа көшіріледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, бүгінгікүні ай сайын 700-ге жуық қызмет алушыға жәрдемақы тағайындалады.

Қазақстанда «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларыменнаградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау енді автоматтырежимде жүзеге асырылады.

Егер бұрын аналар Халыққа қызмет көрсету орталығына барыпөтініш жазса, енді осы айдан бастап қызмет алу рәсімі проактивті бола бастады.Басқаша айтқанда, мемлекеттік жәрдемақы аналардың жеке өтінішінсізтағайындалатын болады. Мемлекеттік қызмет ай сайын 700-ге жуық қызмет алушығакөрсетілетіні белгілі.

Алайда, қызметтер мобильді азаматтар базасында тіркелгеназаматтарға ғана проактивті түрде көрсетілетінін атап өткен жөн. Ол үшін ЭЦҚ-ғақол қою арқылы ұялы телефонының нөмірін Халыққа қызмет көрсету орталығынданемесе egov.kz порталында бір рет тіркеужеткілікті. Мұндай тіркеуден өтпеген адамдар «бұрынғыдай тәртіппен» қызметкөрсетуге өтініш беруі қажет.

«Проактивті қызмет көрсетупроцесі Президент Әкімшілігінің ақпараттық жүйесінен Еңбек министрлігініңақпараттық жүйесіне бірінші рет «Алтын алқа» және «Күміс Алқа» алқаларыменнаградталған көпбалалы аналар туралы ақпарат түскен кезде басталады», -деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын өтініштерді қабылдау және қызметтерді көрсетунәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы»коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылғанын естеріңізгесаламыз.

Қазақстанда алтыншы немесе жетінші баланы дүниеге әкелгенаналар «Күміс алқа» және «Алтын алқа» мемлекеттік наградаларымен марапатталады.Бұл мемлекеттік наградаларды алған аналар ай сайын 16 160 теңге (6,4 АЕК)мөлшерінде жәрдемақы алады, оның мөлшері жыл сайын инфляция деңгейін ескереотырып қайта есептеліп отырады. Бұл мемлекеттік қызметтер құрметті атақтаралуға байланысты тағайындалады, сондықтан олар ең төменгі күнкөріс деңгейінебайланысты емес.

Бұл төлемдер өмір бойына есептеледі, яғни оларзейнеткерлікке шыққаннан кейін де тоқтатылмайды, сондай-ақ отбасыныңкірісіне қарамастан тағайындалады. Бүгінгі күні мұндай құрметті атаққа 237 мыңана ие.

Соңғы жаңалықтар