«Батыр арулар» іс жүзінде жауынгерлік әзірліктің барлық дағдыларын меңгергендіктерін көрсетті.
Танктің астында жату, кедергілер жолағын бұзып өту, жауынгерлік қарудан оқ ату жауынгерлік даярлықты тексеру кезеңіне кірді. Байқауға қатысушылар атыс қаруының үлгілерін инженерлік тұрғыда білу және атыс машығын, жауынгерлік жарақтандыруда кедергілер жолағын еңсеру кезіндегі шыдамдылықты, «Кобра» броньды машинасын басқару шеберлігін паш етті. Қыз-келіншектер үшін ең елеулі сынақ танктің астында жату болды. Бұл жаттығу әскери қызметшілердің психологиялық дайындығын тексерді. Алайда, «Батыр арулар» жеңімпаздары шамалы толқуға қарамастан, ҚР ҚК шын мәніндегі әскери қызметшілері ретінде бұл сынақты да бағындырды.
Соңғы сынақтардың бірі суда жаттықтыру іс-қимылдарын қарқынды пысықтау болды. Әйел әскери қызметшілер толық жауынгерлік амуницияда жүзіп өтті және уақытқа белгілі бір қашықтықты бағындырды. Қатысушылардың тапсырмасы қару әскери қызметшілердің өзімен бірге болуымен күрделене түсті.
Байқау жеңімпаздарын ресми марапаттауға дейін аз уақыт қалғанын еске сала кетейік. Әскери қызметшілер ұдайы жауынгерлік әзірлікте, оларға жүктелген тапсырмаларды әрқашан мүлтіксіз орындайтындарын дәлелдеді.