80-нен аса қатысушы үздік әскери қызметші атағына бақ сынасты. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күштерінің 12 үздік өкілі анықталды.
Дауыс беру сәуірдің 1-і мен мамырдың 31-і аралығында Қорғаныс министрлігінің сайтында жүргізілді. Бұл уақыт ішінде конкурсанттарға 253 875 рекордтық дауыс саны берілді.
«Ресми марапаттауға дейін байқау финалистері жауынгерлік айла-тәсілдер мен далалық жағдайда жаттығуларды орындап, дене және жауынгерлік даярлықтарын паш етеді. Оларға ұдайы жауынгерлік әзірлікте болатындарын, жүктелген тапсырмаларды сәтті орындайтындарын дәлелдеу қажет болады», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ кәсіби стилистер байқау жеңімпаздарының көркіне көрік беріп, бет-әлпеттерін ажарландыра түспек. Және мамандандырылған күнтізбеге арналған фотосессия күтіп тұр. Бұл күнпарақтың беттерін «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздары ажарландыра түседі.