Айқас АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Спрингфилд қаласында өтеді. Ол тәжірибелі мексикалық боксшы Хуан Хосе Альвареспен (28-10, 20КО) кездеседі. Кездесу алты раундқа жоспарланған.
Жүкембаев бұның алдындағы айқасын осы жылдың мамырында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қаласында өткізген еді. Ол пуэрторикалық Сабриэль Матиастан (17-1, 17КО) жеңілген еді. Бұл Б.Жүкембаевтың кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі.