Батыр Жүкембаев экс-чемпионмен жұдырықтасатын болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпқой бокста бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) келесі жекпе-жегін 26 қыркүйекте Канаданың Монреаль қаласында өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасында хабарлады.

«Ассалаумағалейкүм баршаңызға! Менің келесі жекпе-жегім 26-қыркүйекте.Экс-чемпионмен өтетін айқасым - мен үшін үлкен сынақ! Алла қаласа әлем чемпионыатану дейтін ұлы мақсатыма бір табан жақындай түсемін. Ол қанша азулы болса да,қазақ елінің намысы маған күш-қуат сыйлайды! Қолдауларыңызға рахмет!», депжазды ол жеке парақшасында.

Толықтырып айта кетсек, Жүкембаев келесі айқасын мексикалық 32 жастағыМигель Васкесқа (41-8, 15 КО) қарсы өткізеді. Ол 2010-2014 аралығында жеңілсалмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған. Жекпе-жек - бірінші ортасалмақта 10 раундтан тұрады.

Айта кетейік, 26 қыркүйекте өтетін бокс кешінде тағы үш қазақстандықспортшы өнер көрсетеді: Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО), Нұрзат Сабыров (10-0, 9КО) және Аман Қазанғапов (0-0-1). Олардың қарсыластары кейін анықталады.

Соңғы жаңалықтар