Айқастан кейін Жүкембаев жарыс оған оңайға соқпағанын айтты. Бастапқыда бразилиялық боксшымен кездесуі тиіс болатын. Алайда Леандро Мендеш Пинту медициналық тексеруден өтпеді де қазақстандықтың қарсыласы Сесилио Сантос Галиндо болды. Бұдан басқа, Жүкембаев жанкүйерлеріне қолдағаны үшін алғыс білдіріп, келесі табысты айқастарды күтуін тіледі.
Еске салсақ, Батыр Жүкембаев кәсіби рингте бесінші айқасын өткізіп, бәрінде де жеңіске жетті. Соңғы жекпе-жекте қазақстандық мексикалық Рэнди Лосанамен шықты, оны үшінші раундта нокаутқа түсірді.