АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық жас кәсіпқой боксшы Батыр «777» Жүкембаев (4-0, 4 ko) Канаданың Квебек қаласында өзінің кезекті жекпе-жегін мексикалық боксшы Рэнди Лозаноға (10-10-2, 7 ko) қарсы өткізіп, 3-раундта теxникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Батыр 3 жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де нокаутпен ұтқан болатын. Осыған дейін қатарынан үш рет жеңіске жеткен 25 жастағы кәсіби боксшы Батыр Жүкембаев бұл жолы да қарсыласына дес берген жоқ. Оның бүгінгі қарсыласы орта салмақ дәрежесінде 23 жастағы мексикалық Рэнди Лосано біздің боксшыға аса бір қарсылық таныта алмады.
Алты раундтық жекпе-жек үш-ақ раундтан аспады. Ал соның алдында қазақстандық боксшы венгр Иштван Дернанецті нокаутқа түсірді, қарсыласы үшін бұл жекпе-жек соңғы үш жеңістен кейінгі алғашқы жеңіліс болған еді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.