BoxRec.com сайтының ақпараты бойынша, Жүкембаевтың келесі айқасы 20 қыркүйекте АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Сити қаласында өтеді деп жоспарланған. Қарсыласының есімі әлі жарияланбады.
Батыр үшін бұл жекпе-жек 2021 жылы АҚШ-тағы дебютінен кейінгі екінші айқас болмақ. Сол кезде ол мансабында алғаш рет жеңілген. Содан кейін Батыр Қазақстан мен Канадада бір-бір жекпе-жек өткізді.
Жүкембаевтың кейінгі жұдырықтасуы 2022 жылдың 24 желтоқсанында Алматыда өтті. Ол Оңтүстік Африка өкілі Ксолани Мкотхелиді (19-8, 12 КО) алтыншы раундта нокаутқа жіберген болатын.