Батырдың ескерткішіне тағзым етті

АЛМАТЫ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы Б.Момышұлы атындағы Республикалық мектеп-интернатта батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Шараны Әуезов аудандық әкімдігі мен Б.Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернаты ұйымдастырды. Шара барысында әскери мектеп тыңдаушылары салтанатты сапқа тұрып, батыр аталарының ескерткішіне тағзым етті. Салтанатты жиынға Әуезов ауданының әкімі Әділ Несіпбаев, Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының ардагерлері қатысты.