Батырхан Шөкенов, «МузАРТ» және «JCS» елордалық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 наурызда Бейбітшілік және Келісім сарайында отандық эстрада жұлдыздары, атап айтқанда, Батырхан Шөкенов, «МузАРТ» ансамблі, «JCS» тобы және т.б. әншілер өнер көрсетеді.

Бұл туралы аstana.kz сайтына концертті ұйымдастырушылар хабарлады.

«Концерт өмірімізге мән-мағына беретін айналамыздағы қарапайым әйелдерге арналады. Халықаралық әйелдер күнін атап өту аясында танымал ерлер «Әйел - ол кім?» деген сұраққа жауап іздейді. Көптеген музыкалық және театралық жанрлар үйлескен «Әлемнің жарығы» концерті нәзік жандыларға мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Өнер кешінің әр сәті залдағы ханымдар үшін ерекше болмақ».

Концерттің басталуы сағат 17.00.

Айта кетейік, елордада 8 наурызға орайластырылған жәрмеңкелер мен көрмелер өтіп жатыр. Мысалы, мереке қарсаңында Конгресс-холлда халықаралық әйелдер күніне арналған көрме ашылды. Келушілердің назарына түрлі әшекейлер, киім-кешектер мен мерекелік бағдарлама - ұтыстар, билер, дегустация мен шеберлік сыныптары ұсынылады. Көрме жұмысы 8 наурызға дейін жалғасады.