Лариса Долина айтқандай, Батырға өзінің әсем дауысын жасыру қиын. Алайда ол кейіпкердің рөлін жақсы ойнау үшін барын салды. Сахнадан Шүкеновті емес, оның кейіпкерін көргендей болдық, - деп атап өтті әнші.
Байқаудың бұл кезеңінің қорытындысы бойынша 307 ұпай жиған Батыр 2-орынға ие болды. Одан 338 ұпаймен Руслан Алехно ғана асып кетті.
Осыған дейін Батыр Мұрат Насыров, Сезария Эвора сынды тұлғаларды бейнелеген болатын.