Батырхан Шүкенов Луи Армстронгтың кейпіне қалай енгенін көрсетті - ФОТО, ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі қазақстандық әнші Батырхан Шүкенов «Россия 1» арнасындағы «Один в один» шоуының бірінші турынан кейінгі әсерімен бөлісті.

«Ең қиыны анама экрандағы 100 келілік афроамерикалықтың мен екенімді түсіндіру болды...», - деп Батырхан фотоларының бірінің астына пікір жазған.

Сондай-ақ, әнші өзінің өнеріне табынушыларды оған дауыс беруге шақырды.

«Егер менің өнерім сіздерге ұнаса, онда ұялы телефондарыңыз арқылы 1880 нөмеріне 3 санын жіберіп немесе 8-803-333-55-03 номеріне қоңырау шалыңыздар. Бұл ақылы қызмет», - деп қосты ол.