Батырхан Шүкенов ресейлік шоуда Лучано Павароттидің образын сомдады - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі қазақстандық әнші Батырхан Шүкенов «Россия 1» арнасындағы «Один в один» шоуының екінші айналымында Лучано Павароттидің образын сомдады.

Қазақстандық әнші «OSoleMio» әнін шырқады. Шоудың алғашқы айналымында Батырхан Луи Армстронгтың кейпіне енген болатын. Оның бұл образы өте сәтті шығып, көрермендер мен әділ қазылар әншіге орындарынан тұрып қошемет көрсетті.

«Бұл мен үшін ең қиын образдардың бірі болды. Айналасы бір аптаның ішінде басқа қырда ән салуды үйрендім. Лучано Паваротти - менің бұл шоуда сомдаған екінші образым. Көңілдеріңізден шығады деп үміттенемін», - деді әнші.