Батырхан Шүкеновке арнаған бейнебаян көрерменнің көзіне жас ұялатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ эстрада әншісі Ерлан Көкеев Батырхан Шүкеновке арнап саксафонмен жазылған композициясына клип түсірді. 4 қыркүйек күні көрерменге ұсынылған бейнебаян көпшіліктің көңілінен шығуда.

Клипті Көкеевтің өзінің «К7» кинокомпаниясы түсірген екен. Басты рөлдің бірін әншінің қызы Рената Көкеева ойнайды. Үоutube-де жарияланғанына ұзақ уақыт болмаса да, бейнебаянды көрушілер саны көп болып, жұртшылық Батырхан Шүкеновті сағынып, көздеріне жас алғандарын жасырмады. "Бейнебаянды түсіргендерге алғысымыз шексіз. Батыр мен оның саксафоны біздің жүрегімізде мәңгі қалады", - дейді тыңдарман қауым.