Батырхан Шүкеновтің туған күніне орай «Əсел» əніне бейнебаян түсірілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Батырхан Шүкеновтің туған күніне орай «Əсел» əніне бейнебаян түсірілді. Бұл өз кезегінде жанкүйерлерге жасалған сыйлық, дейді авторлар.

Əділ Чекиловтың əніне түсірілген бейнероликте Олжас Байкановтың жеке архивіндегі сирек кадрлар енген.
Сондай-ақ, 1993 жылғы «Джулия» əнінің кадрлары енген.
Клип режиссері - Əлішер Сүлейменов.

Батырхан қазақстан-ресейлік ««А'Студио» музыкалық тобының құрамында жүріп ерекше танымал болды. 2000 жылдан соң жеке əн карьерасына көшті. Былтыр сəуірдің 28-інде ол Мəскеуде қайтыс болды.

Айта кету керек, 25 мамырда Мəскеуде Батырхан Шүкеновты еске алуға арналған үлкен концерт өтеді.