Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінен хабарланды.
Оқу-жаттығудың мазмұны бойынша Құрлық әскерлері Әуе қорғанысы күштерімен, Әскери-теңіз күштерімен және ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, мемлекеттік шекарадағы және Қазақстан Республикасының су бөлігі сызығындағы жағдайды қалпына келтірді.
«Оқу-жаттығуда Құрлық әскерлерінің бөлімше командирлері мен басқару органдары қарсы шабуылды жүргізу барысында әскерлерді басқару және шартты қарсылас түсірген десанттың көзін жою іс-шаралары бойынша жақсы тәжірибе жинақтай алды. Қарулы Күштер түрлерінің, сондай-ақ өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың келісілген іс-қимылдары жаттығуды өткізудің шешуші сәті болды.
Құрлық әскерлері бас қолбасшысының берген бағасы бойынша бөлімшелер алдарына қойылған жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындай алатындарын тәжірибе түрінде көрсете алды»,-делінген ведомство мәліметінде.