Жалпы эпидемия басталғалы Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеде 9714 адам қаза тапты, 23 913 аталған вирусты жұқтырды.
Либерияда індет салдарынан көз жұмғандардың саны 4057 адамға, оны жұқтырғандардың қатары 9265 адамға жетті. Сьерра-Леонеде 3530 адам қаза тапса, 11 мың 443 адам дертке шалдыққан. Ал Гвинеяда вирусты 3205 адам жұқтырып, 2127-сі ажал құшты.
Дерт Мали, Нигерия, Сенегал, Испания, Ұлыбритания және АҚШ-та да тіркелген. Алайда бұл елдерде Эбола жұқтырғандардың саны он адамнан аспайды. Нигерияда 20 адам Эбола дертіне шалдығып, сегіз адам қаза тапты.