Батыс банктері рубльмен операциялар жүргізуді азайта бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыстық банктер мен мекемелер рубльдік құралдар және ресейлік контрагенттермен байланысты жүргізілетін операцияларды азайта бастады. Мұндай шектеулер атап айтқанда, ұзақ мерзімді РЕПО мен айырбастау операцияларына қатысты, деп хабарлады РБК.

Әлемдік банктер рубль бағамының күрт төмендеуіне байланысты рубльдік құралдар және ресейлік контрагенттермен байланысты шараларды азайта бастады. Бұл туралы банктерге сілтеме жасаған The Wall Street Journal жазады. Дәлірек айтқанда, Goldman Sachs сияқты банктер ұзақмерзімді РЕПО бойынша және ақшалай қаржыны тартуға байланысты басқа келісімдер бойынша клиенттердің өтініштерін кері қайтара бастады. Сонымен бірге қысқамерзімді, бір жылдан аз рубльдік РЕПО бойынша шаралар әлі де жүргізілуде, деп басылымға осы жағдаймен таныс мәлімет көздері мәлімдеген.