Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне автожол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Көлік және коммуникация вице-министрі Роман Скляр мәлім етті.
Вице-министрдің айтуынша, мамыр айының соңына таман ақылы болған «Астана-Шортанды» автомобиль жолы ілкі жоба ретінде қарастырылады. «Алдағы уақытта біз «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің бірінші дәрежелі төрт жолақты учаскелеріне де ақы енгізуді жоспарлаймыз. Бұл шамамен 2015 жылдан бастап жүзеге асатын болады», - деді вице-министр.