«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралінің құрылысы үшін 2009-2010 жылдары ОҚО-да 299 жер учаскесі сатып алынды

АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат /Серік Сабеков/ - «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралінің құрылысы үшін 2009-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында 1 567,63 миллион теңгеге 179,89 гектар аумақты құрайтын 299 жер учаскесі сатып алынды.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен онлайн желідегі конференция барысында ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік төрағасы Өмірзақ Өзбеков мәлім етті.

Агенттік төрағасының айтуынша, жалпы алғанда осы автодәліз құрылысы үшін 487,37 гектар болатын 850 жер учаскесін сатып алу қажет. 307,48 гектарды құрайтын қалған 551 жер телімін 877,39 млн. теңгеге сатып алу қажет болып отыр. Қазіргі таңда 62,68 гектар болатын 85 жекеменшік жер иелерімен 308,755 млн. теңгенің сатып алу-сату туралы келісімі жасалды. Қалған 406 жер учаскесін сатып алу мәселесі бойынша комиссия мүшелері жер иелерімен келіссөздер жүргізіп жатыр.