«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» баспасөз-туры басталды - Көлік және коммуникация министрлігі
13:45, 19 Маусым 2010
АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат - Сенбі, маусымның 19-ы күні Астанада ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Көтербековтың қатысуымен «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» баспасөз-туры басталды.
Пресс-турдың басты мақсаты - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «ғасыр құрылысына» айналған мега-жобаның жүзеге асырылу барысымен халықты таныстыру, деп хабарлады Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізінің қазақстандық бөлігінің ұзындығы 2787 шақырымды құрайды.
Баспасөз-туры Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстары аумағы бойынша өтеді.
Бұған қатысушылар жобаның жүзеге асырылуы жүріп жатқан төрт облыс бойынша 2200 шақырым жерді басып өтеді.
Пресс-турдың соңында Ақтөбе облысында маусымның 25-і күні ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов оған қатысушылармен кездеседі.