деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2009 жылғы желтоқсанның 3-інде қол қойылған осы Келісімнің мақсаты автожолдар желісін қайта жаңарту мен дамыту және жолды пайдалану қызметтерінің кешендерін жаңалау үшін қарыз тарту болып табылады. Бұл ретте қарыз туралы келісімнің екінші траншына сәйкес, тартылатын қаражат сомасы 187 млн. долларды құрайды. Келісім шеңберіндегі заем Жамбыл облысындағы ұзақтығы 79 шақырым болатын цемент-бетон жамылғылы учаскесіне қайта жаңарту жұмыстарын қаржыландыруға бағытталады. Қарыз беру шарттары бойынша ставка - 0,2 пайызды, міндеттемелік комиссия -0,15 пайызды құрайды», деді заң жобасы бойынша баяндаған Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің қоса қаржыландыруы 33 млн. долларынан аспайтын болады.
Келісімді жүзеге асыру еліміздің көлік әлеуетін дамытып, халықаралық транзит дәлізінің қазақстандық бөлігіндегі қозғалыс жиілігін елеулі арттырады және транзиттік жүктердің айналымын ұлғайтады деп күтіледі.
Комитет мүшелері заң жобасын палатаның жалпы отырысына шығару туралы келісті.