Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолында көлік апаты болып, бір адам көз жұмды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолында көлік апаты болып, бір адам ажал құшты. Оқиға жолдың 153 шақырымында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Аudi 100 маркалы көлігі трактордың тіркемесіне соғылған. Жеңіл көлікті тізгіндеген 22 жастағы жүргізуші оқиға орнында тілге келместен көз жұмды. Ал машинадағы үш жолаушысы түрлі дене жарақатымен Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы ауруханаға түскен. Зардап шеккендер Сербия елінің азаматтары екені белгілі болды. Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары басталды.