Оған мердігерлік және қосалқы мердігерлік компаниялардың, жобаны басқару және құрылысты қадағалау жөніндегі консультант компанияларының басшылары қатысты, деп һхабарлады ККМ баспасөз қызметінен.
Отырысты ашқан көлік ведомствосының басшысы бұл жобаның Қазақстанның экономикасы үшін маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты және сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында жобаны іске асыру барысында жергілікті тұрғындарды құрылыс жұмыстарына тарту, жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану мен кәсіпорындарды жұмылдыруға ерекше көңіл бөлу қажеттілігіне айрықша тоқталды.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталған Қызылорда өңірінде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов баяндады. Атқарылған жұмыстар жөнінде барлық төрт мердігерлік компаниялардың - «Салини Коструттори С.п.А.», «Импреза С.п.А.», «Тодини Коструциони Дженерали С.п.А.», «СП Аккорд Окан» - басшылары баяндады.
Мердігерлердің есептерін қорытындылай келе, министр Әбілғазы Құсайынов жұмыс кестесіне сәйкес уақытылы жүргізілуіне бағытталған пәрменді шаралар қолдануды тапсырды. Оның ішінде, жұмыс бригадаларының жұмыс тәртібін екі ауысымға көшіру, сапа мәселесін басты назарда ұстай отырып, нақты жұмыстар көлемін орындау қарқынын арттыру қажет деп түйді.