«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асыру мәселелері бойынша селекторлық жиын өтті

ТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - 12 тамызда ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев республикалық бюджет есебінен қаржыландырылған еліміздегі автожол нысандарын салу, қайта салу және жөндеу жоспарларын орындау барысы,

сондай-ақ «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асыру мәселелері бойынша селекторлық жиналыс өткізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Жиналысқа автомобиль жолдары комитеті және оның облыстық департаменттері, «Қазақавтожол» РМК, еліміздің барлық өңірлеріндегі мердігерлік компанияларының басшылары қатысты.

Министр Берік Камалиев жұмыс өндіру кестесін орындауға бақылау орнатумен қатар жалақыны уақтылы төлеу, еңбек шарттары мен қызметкерлердің тұрмыс жағдайларын орындау мәселелеріне басты назар аудару қажеттігін атап өтті

Мәжіліс барысында Б.Камалиев қатысушылардың назарын басты проблемалық мәселелерге аударды. Қызылорда облысында «Салини», «Аккорд/Окан», «Импреза» және «Азеркопу» компаниялары жұмыс өндіру кестесінен қалып қоюда. Оның себептері техниканың, қызметкерлердің, материалдар мен жанар-жағармайдың жетіспеуі сияқты көптеген шешілмеген мәселелерге байланысты болып отыр. Сондай-ақ, осы облыстың учаскелеріндегі жұмыстардың жай-күйі мен жұмыс кестесінен қалып қоюшылықты болдырмау мақсатында таяу уақытта арнайы жиналыс өткізу қажеттігін атап өтті. Оңтүстік Қазақстан облысында «Кукдонг» компаниясы жұмыс жүргізу кестесінен қалып қоюда. Осыған байланысты көлік ведомствосының басшысы автомобиль жолдары комитетіне таяу күндері Павлодар мұнай өңдеу зауытының басшылығымен мердігерлік ұйымдардың онымен алдын ала жасаған шарттарына сәйкес көлемде битумды уақтылы жеткізу мәселелерін шешуді тапсырды. Бұның сыртында, автомобиль жолдары комитетінің облыстық департамент директорларының бір тобына Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына барып, қалып қойған учаскелерге тәжірибелік және ұйымдастыру жағынан көмек көрсету, сонымен бірге республиканың басқа өңірлерінен қажетті техника жұмылдырып, жеткізуді тапсырды.

Селекторлық жиналысты қорытындылай келе, министр әріптестерін келе жатқан Құрылысшылар күнімен құттықтады.