деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен осы жобаға атсалысып отырған барлық мердігерлерге алғысымды білдіруім керек. Шындығында, осы жобаға араласқысы келгендер көп болатын. Сондықтан, оларды іріктеуде де қатаңдықтар болатынын ескерткен едік. Жалпы, жобаның жүзеге асуына келетін болсақ, біз бірқатар учаскелердегі жоспарды кестеден озып, мерзімінен бұрын орындап жатырмыз», деді министр.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы күзге дейін жоба аясындағы 378 шақырымды қолданысқа беру көзделген. «Бұл міндетті жеңіл орындап келеміз. Алдын ала болжамасақ та, көрсеткіште оң нәтижеге жетеміз деген үміттеміз. Тағы бір айта кетерлігі, жобаға қатысқандар жұмысқа үлкен ынталылықпен кірісіп отыр. Олардың жұмыс жағдайы да жақсы қарастырылған. Сондықтан, жобаны жүзеге асыру мерзімінен ауытқулар әзірше жоқ», деді Ә. Құсайынов.