«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасына қатысты селекторлық жиналыс өткізілді-ККМ
Жиналысқа автомобиль комитеті және оның облыстық департаменттері өкілдері, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарындағы жобаға қатысушы мердігерлік компаниялардың басшылары және жобаны бақылау жөніндегі консультанттар қатысты.
Ағымдағы жылы қаржыландыру жоспарына сәйкес 153,4 млрд.теңгені игеріп, 750 км жаңа жол, оның ішінде, І санаттағы 326 км және ІІ санаттағы 424 км жол салу жоспарлануда. 32 учаске бойынша мердігерлік компаниялар анықталып, 1 715 км-де жұмыс жүргізілуде. Ұзақтығы 98 км 3 учаскеде конкурстық процедуралар ("Темірлан" кентін айналып өту, «Қордай-Қарасу», «Аспара-Благовещенка») жүргізілуде.
Жалпы, жоба бойынша 30,3 мың адам (оның ішінде, 17,8 мың адам жергілікті қызметкерлер, 11,9 мың адам Қазақстанның басқа өңірлерінен және 615 адам шетел қызметкерлері) тартылып, 6 мың жол-құрылыс техникасы, оның ішінде,24 асфальт-бетон зауыты, 24 цемент-бетон зауыты және 33 уатқыш құрылғылар жұмылдырылды.
17,8 млн.куб м жер жамылғысы (2011 жылғы жоспардың 64%), 542,9 км төсегіш қабаты (2011 жылғы жоспардың 48%), 480 км негіз (2011 жылғы жоспардың 42%), 320,2 км асфальт-бетонның бірінші қабаты (2011 жылғы жоспардың 39%), 341,7 км асфальт-бетон қоспадан жабынның төменгі қабаты (2011 жылғы жоспардың 34%), 8,5 км ұсақтүйірлі асфальт-бетон және 119 км цемент-бетон жамылғы (2011 жылғы жоспардың 37%) төселді.
Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері басшыларының ақпараттарын тыңдай келе, министр Б. Камалиев жобаны іске асыруға қатысатын мердігерлік компаниялардың әр учаскесіндегі нақты проблемаларға баса назар аудартты. Министр жобаны басқару жөніндегі консультанттардың жұмысын қатал сынға алды.
Селекторлық жиналыстың қорытындысы бойынша көлік ведомствосының басшысы Б. Камалиев АЖК облыстық департаменттеріне қызметкерлерге жалақыны уақытылы төлеу және қауіпсіздік техникасының талаптарын ұстануды тапсырды. Жобаны басқару жөніндегі консультанттарға жобаны іске асыру, хаттамалық тапсырмалар, құрылысты бақылау жөніндегі консультанттар мен мердігерлік компаниялардың жұмыстарына мониторинг жүргізу тапсырылды. Құрылысты бақылау жөніндегі консультанттарға орындалып жатқан жұмыс пен қолданылып жатқан материалдар сапасын бақылауды қамтамасыз етуді және қауіпсіздік техникасы талаптары мен еңбекті қорғауды қатаң ұстануды, тамақпен және жұмыскерлерді санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес жатын орынмен қамтамасыз етуді бақылауға алуды тапсырды.