«13 сәуір күні сағат 04:30 шамасында ақпарат бойынша оқиға орнына шыққан Сайрам ауданының полицейлері мәліметтердің жалған екенін анықтады. Яғни 12 сәуір күні аталған автожолда көліктер жарысы ұйымдастырылмақшы болғаны, алайда тәртіп сақшылары дер кезінде келіп, оларды таратып жібергені белгілі болды», - деп жазды Түркістан облыстық полиция департаментінен.
Қазіргі уақытта аудандық ПБ қызметкерлері жалған мәліметтерді таратқан тұрғынды анықтау мақсатында тиісті жұмыстарды жүргізуде.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін қатаң жауапкершілікке тарту көзделгенін еске салады.