«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының құрылысында автокат аударылып, жұмысшы қаза болды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының құрылысында жұмысшы «НАММ-3516» маркалы автокат аударылып кетіп, қаза болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Кеше, 2 қыркүйекте, Қызылорда облысына қарасты Таң кенті аумағында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолында құрылыс жұмыстарын атқару барысында «РусКазДорСервис» ЖШС-нің 61 жастағы жұмысшысы «НАММ-3516» маркалы автокатта аударылып кетіп, оқиға орнында көз жұмды.